8 800 200 08 04
Қазақстан бойынша соғу тегін Сырттың елдері
 
 
 

Ең бастысына / БАҚ / ДОМОФОН не үшін керек және абоненттік ақыны төлеудің қажеті қанша?

ДОМОФОН не үшін керек және абоненттік ақыны төлеудің қажеті қанша?

"ONTYCTIK Рабат", № 38, 21 қыркуйек 2011ж. (ж. Шымкент)

 

 Домофон- бүл заманауи

Тасы өрге домалап тұрған кез келген мекеменің басты мақсаты – тұтынушыға сапалы тауар ұсыну ғана емес. Ары қарай да сапалы техникалық және сервистік қызмет көрсету – «Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясының негізгі ұстанымы.

Орнатылған домофондардың барлығы бірдей қызмет көрсетіп тұрса, компания қызметкерлерінің де көңілдері тоқ. Себебі, бұл – компанияға деген халықтың сенімін арттыра түседі. Сондықтан да «Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясының мамандары абоненттерге ыңғайлы қызмет түрін ұсынады. Сату бөлімінің бастығы Анна Дубасова былай дейді: – Назар аударыңыздар. Домофон жұмыс істеп тұрған кезде адамдар ештеңе ойламайды. Бәрімізге таныс әдет қой бұл – бір нәрсені істеп, тастап кетеміз, ол мәңгілікке тұратын сияқты. Ал домофондарға техникалық қызмет көрсету – осы проблеманы шешуге арналған заманауи көзқарас. Адамдар бізге, көбінесе, құрал-жабдықтары бұзылған соң ғана келеді. Әрине, бірен-саран техниканы біз сол жерде-ақ жөндеп бере аламыз, дегенмен, біз тұрғындарға ең дұрысы – техникалық қызмет көрсету екенін түсіндіруден жалыққан емеспіз. Бұдан тұрғындардың қалтасына салмақ түсе қоймайды, керісінше, алдын ала тексеруден өтіп тұрған соң, домофондардың кенеттен бұзылуынан сақтануға болады. Техникалық қызмет көрсетудің аясында бұзылған құрал-жабдықтар тез арада жөнделеді, ол үшін компания мамандарына қоңырау шалып, тапсырыс берсеңіз болғаны. Мамандар 48 сағат ішінде жөндеп береді. «Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясының абоненттеріне домофондардың қалыпты жұмыс істеуі үшін қосымша ақша жинаудың, алдан ала жарна төлеудің қажеті жоқ. Бастағы абоненттік төлем домофондарды жөндеу қызметін ғана емес, ұрланғанын ауыстырып беру ақысын да, жөндеу кезінде басқа домофонды бере тұру қызметін де қамтиды. Қызмет атқарып тұрған домофон – өзіңіздің, жақындарыңыз бен жанұяңыздың қауіпсіздігінің кепілдігі. Сондықтан біз домофондар техникалық қызмет көрсетуді ойлаған барлық тұрғындарға «Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясына хабарласуды ұсынамыз. Кеңсе жұмыс күндері сағат таңғы 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін, үзіліссіз қызмет көрсетеді. Демалыс күндері сағат 08.00 бен 20:00 аралығында жұмыс істейміз, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Күн сайын, өзіңізге қолайлы уақытта хабарлассаңыз болғаны, компания мамандары сіздерге қызмет көрсетеді. Тапсырыстарды қабылдау, кеңес беру, келісім-шарт жасасу, домофондарды орнату мен ары қарайғы қызмет көрсету мәселелерін шешу, абонеттік ақы, жөндеуге қатысты сұрақтар мен кілттерді алу – міне, осындай мәселелер бойынша сіздерге телефонмен де, кеңседе де толық мәлімет бере аламыз.

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Есте сақтаңыздар! «Строй Мастер Домофоны Шымкент» компаниясы ұсынған техникалық қызмет көрсету – сенімділік, жайлылық пен қауіпсіздік кепілі!

КУПОНДАРЫН
ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕГІ ПРОМОУТЕРЛЕРДЕН СҰРАҢЫЗДАР.
Компанияның клиенті бола
қоймаған Шымкент тұрғындары
өз үйлерінің кіре берістеріне домофондарды жеңілдікпен орнатып
қана қоймай, акция купонына кілтті тегін айырбастап алу мүмкіндігіне ие болады.
«Строй Мастер Домофоны Шымкент»
компаниясы мен ұсынатын қызметтері
туралы толығырақ интернеттегі
www.s-m-d.kz сайтынан білуге болады.
«Строй Мастер Домофоны Шымкент»
компаниясы «ЭСКО» бизнес-орталығында орналасқан.
Мекенжайы: Мәделі қожа көшесі, н/ү,
5-қабат, 516-кеңсе.
Телефондары: 21-46-27, 21-24-26.

Артқа


© 1996 Строй Мастер Домофоны Рейтинг@Mail.ru